Жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» мақсатындағы сурет байқауы
Жамбыл ауданы, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту, спорт, мәдениет бөлімдері және «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл ауданы тұрғындары мен жастары арасында құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол беру, болашаққа балта шабу» атты сурет байқауы өткізілді, tinfo.kz хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны түсіндіру, жастар мен жасөспірімдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен әлеуметтік – рухани мәселелерді жүзеге асыруға ықпал ету және білім алушылардың бойында елге деген ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты акциясы, «OPEN AIR» форматында көрме өтті. Көрмеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы», сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» көріністерін көрсететін суреттер салынып ілінді.