Алакөл ауданында кәсіпкер 20 тыныс алу аппаратын сыйға тартты

Служба новостей

Алматы облысы Алакөл ауданының «Ырыс» ШҚ және «Айманбетов»  ЖК басшысы Рыскелді Айманбетов аудандық орталық ауруханаға жалпы құны 5 миллион тұратын 20 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартты,  деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл құралдар ауадан оттегі жасап, науқастардың тыныс алуына көмектеседі. Кәсіпкер бұл аппараттарды ҚХР-дан алдырған.

Айта кетейік, Рыскелді Айманбетов осыған дейін де ауруханада жатқан науқастарға қолдау білдіріп, бес жасанды тыныс алу аппаратын тарту еткен болатын.