«Сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» атты дебат турнирі

Служба новостей

Жамбыл ауданы, Жамбыл атындағы кәсіптік колледжі Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту, спорт, мәдениет бөлімдері және «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл ауданы тұрғындары мен жастары арасында құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» атты дебат турнирі өткізілді, tinfo.kz хабарлайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны түсіндіру шеңберінде, жастар мен жасөспірімдердің қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен әлеуметтік – рухани мәселелерді жүзеге асыруға ықпал ету және білім алушылардың бойында елге деген ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында дебат турнирі өтті. Дебат турнирінің қортындысы бойынша төмендегі білімгерлер жеңімпаз атанды:

І орын – Абезова Зарина, Ұлағат Ермұрат

ІІ орын – Айсалова Аружан, Қоғабай Алищер

ІІІ орын – Алдангарова Жанат, Әлімов Жандос

«Үздік спикер» аталымын Әлімов Жандосқа табысталды.