«Сыбайлас жемқорлыққа жол беру, болашаққа балта шабу» атты сурет байқауы
Жамбыл ауданы, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту, спорт, мәдениет бөлімдері және «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл ауданы тұрғындары мен жастары арасында құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол беру, болашаққа балта шабу» атты сурет байқауы өткізілді, tinfo.kz хабарлайды
Шара арқылы жастарға жемқорлық жайлы түсiндiрілді. Осы бастан жастар сыбайлас жемқорлықтың не екенiн бiледі. Параға қызығамын деп бүкіл өмірін ойран еткен азаматтардың тағдырын біліп өскен жас ұрпақ сол қателікке бой алдырмауы үшін тереңірек ойланып, адал маңдай тер, табан етпен тапқан нәпақаның артық екенін білетін болады.
Сурет байқауының қортындысы бойынша төмендегі білімгерлердің суреті үздік танылды:
І орын – Томысбек Темірлан,
ІІ орын – Касен Береке,
ІІІ орын – Каримжанов Бақдаулет