Қапшағайда жаңа дүкен ашылды
Қапшағай қаласында қолжетімді бағада аралас тауарларды сататын «Exclusive Arzan» дүкенінің ашылуы болып өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Бұл жеке кәсіпкер Сатыпалдиев Рүстеммен халық тұтынатын қол жетімді бағада ұйымдастырылған екінші дүкені. Қазіргі уақытта аталмыш кегшендерде 25 адам жұмыспен қамтылып, тұрақты жалақы алуда.
Сонымен қатар Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында «Сатыпалдиев Р.С.» жеке кәсіпкерінің қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы бес отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Фото: Қапшағай қ. әкімдігі.