Қант зауытындағы жұмыстармен танысу
Қазіргі таңда Көксу қант зауытында жұмыс қызу. Себебі қызылша жинау науқанына байланысты Кербұлақ, Сарқан ауданындағы шаруа қожалықтары өз өнімдерін өткізуде. Осы орайда облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шенгелбаев қызылшалардың салмағын өлшеу,тазалығын лабораторияда тексеру жұмыстарын көріп, мәліметтерімен танысты, tinfo.kz хабарлайды
Жалпы қызылша тазалығы 6,5% көрсетіп жатыр. Биыл қабылданған қызылшаның әр тоннасы үшін 30 мың теңге төленеді. Оның 15 000 – мемлекеттік субсидия, 15 000 – зауыт қабылдайтын бағасы. Алдағы жылы, субсидия көлемінің 10 мың теңгеге артуына байланысты, қабылданған тәтті түбірдің әр тоннасы үшін 40 МЫҢ теңге төленетін болады