Войти через

  • 7°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысында өткен жылы 356 аудиторлық тексеру өтті

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Өңір бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2018 жылы 356 аудиторлық іс–шара өткізілген, деп хабарлады TINFO желілік агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабектің айтуынша, өткен жылы тексеру нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңгені құраған, оның ішінде 19 713 275,4 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 51 159 635,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар болып отыр.

«Соңғы үш жылмен салыстырғанда 2018 жылы тексерулер мен құқық бұзушылықтар көп болды. Бұл, өз алдына халықтың өз құқығын білетіндігін және қаржылық сауаттылықтың артып келе жатқандығын білдіреді. Былтыр анықталған 20 млрд-қа жуық қаржылық бұзушылықтың бүгінгі күні 99,5 % орнына келтірілді» -, дейді ол.

Аудит жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасы 49 913 768,6 мың теңгенің ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзушылық бойынша - 44 228 863,5 мың теңге анықталған. Онда, мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтар бойынша – 33 538 284,5 мың теңге, мемлекеттік сатып алулардың нәтижелеріне әсер етпейтін - 10 690 579,0 мың теңге болып отыр.

- Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша тексерілген объектілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 238 нұсқама жіберілді, оның ішінде 195 толық колемде орындалды, 43 ішінара орындалды, яғни бухгалтерлік есептілікті қалпына келтіру бойынша, бюджетке қайтару бойынша толық өтелмеген берешектер де орын алады, дейді қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы Барлыбек Айнабеков

Аудиторлық қызметтің қорытындысы бойынша тексерілген объектілірдің 159 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Аталған тұлғалардың 104 -не ескерту, 49 - сөгіс, 6 - қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілік болған.

Сондай-ақ, есептік кезеңде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің талаптарың бұзған үшін 502 әкімшілік іс қозғалып, 40 144,5 мың.теңгеге әкімшілік айыппұл салынған. Бүгінгі күні 38 701,5 мың теңгесі төленген.

Айта кету керек, осы жылдан бастап барлық аудиторлық тексерулермен жұмыстар электронды түрде жүргізіледі. Бұл өз кезегінде, қаржылық жұмыстарлық ашықтығын қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алмақ.
Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать