Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

«Даму-Аймақтар» бағдарламасына қалай қатысуға болады?

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бұл қандай бағдарлама?

Бағдарлама шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия және/немесе кепілдік құралын да пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, бағдарлама мақсаты - ҚР өңірлерінде экономиканың басым салаларындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

Кімдер қатыса алады: кәсіпкерлік субъектілері
Кімдер қатыса алмайды:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі санатына жатпайтындар
моторлы көлік құралдарын жасаушыларды қоспағанда, акцизделетін тауар немесе өнім шығаруды және көтерме саудада өткізуді көздейтін кәсіпкерлер
ойын бизнесіндегілер

Бағдарлама шарттары:

Максимал сома - 750 млн теңгеге дейін
Пайызы - жылына 14%, субсидияның арқасында 6%-ға дейін түсіру мүмкіндігі бар
Мерзімі: инвестицияға 7 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін

Қалай алуға болады: кәсіпкер банкке өтініш береді
Бағдарламаға қатысу үшін сұралатын қажетті құжаттар пакеті әр банкте әртүрлі (банктің қалауы). Банк бағдарлама аясында қаржыландыру туралы шешімді өзі қабылдайды.

Басымдық берілген салалар: экономиканың қаржы мен сақтандырудан өзге барлық салалары

Қосымша сұрақ болған жағдайда 1408 нөміріне хабарласып, damu.kz сайтынан қарап немесе «Даму» Қорының өзіңіз тұратын қаладағы филиалына келіп менеджерлерден білуге болады.

Это может Вас заинтересовать