Войти через

  • 7°C

Среда, 22 сентября

Комиссия отырысында бюджет мәселесі қаралды

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін облыстық мәслихаттың экономика, бюджет,құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша және индустриялық-инновациялық, көліктік-логистикалық даму, кіші және орта бизнесті, туризм мен спортты қолдау мәселелері бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күн түртібінде комиссия мүшелері облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы "Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" #64-339 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, 2018 жылғы 13 қарашадағы #37-204 "2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Жалпы облыстың I - жартыжылдығының қорытындысы бойынша түскен кірістер көлемі 114,7%-ға орындалғанын ескере отырып және шұғыл шешімін талап ететін шығындарды қаржыландыру мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан салықтық түсімдер болжамын 30 млрд.теңгеге арттыруға, сонымен қатар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында жергілікті бюджет қаражаттарын қайта бөлу есебінен облыс бюджетінің шығыстарын нақтылау бойынша ұсыныс енгізілді.

Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша депутаттар жан-жақты талқылап, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сессия қарауына жолдады.

Это может Вас заинтересовать