Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Мемлекеттік кірістер департаменті қызметін қорытындылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Сәрсембаев 2019 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Төлеген Сәрсембаев Мемлекеттік кірістер комитетініне биыл 5 жыл толып отырғанын атап өтті.

«Егер 2015 жылы мемлекеттік бюджетке 253,4 млрд теңге жиналса, бүгінгі күні 2019 жылдың І жартыжылдығында 228,4 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджетке 126,8 млрд теңге және жергілікті бюджетке 101,6 млрд теңге түсім қамтамасыз етілді. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар 103,8% -ға орындалды және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 32,3% - ға немесе 55,7 млрд теңгеге артық. Ағымдағы жылы кедендік төлемдердің 36,8 млрд теңгеге немесе 302,8% өсуі қамтамасыз етілді», - деп атап өтті департамент басшысы.

Қызмет көрсетудің электронды форматқа көшуі де бюджетті нығайтуға септігін тигізуде. Қазіргі таңда бұл жүйені тұтынушылар саны артып отыр. Мемлекеттік кірістер органдары 45  мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде 28-і салық бағыты бойынша және 17-сі кеден бағыты бойынша. Департамент мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету үлесін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Жалпы қазіргі таңға дейін 874 330 мемлекеттік қызмет, олардың 776 085 немесе 88,5% электронды түрде көрсетілді. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.

Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы уақытта да мемлекеттік бюджет жоспарын орындау бойынша қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін тиімді салықтық және кедендік бақылаудың барлық шараларын қолданады.

Фото: Мемлекеттік кірістер департаменті.

Это может Вас заинтересовать