Войти через

  • 21°C

Четверг, 28 марта

Талдықорған экономикасына 60 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Бұл туралы қала әкімі Дастан Шалтабаев Талдықорған қаласының тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

«Былтыр қала экономикасына 60 млрд.теңгеден астам инвестиция тартылды. «Талдықорған» индустриалды аймағында 5 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Биыл барлығы төрт жаңа өндірісті іске қосу және жұмыс істеп тұрған екі өндірісті кеңейту жоспарланып отыр. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылмақ», - деді қала басшысы.

Сонымен бірге, өткен жылы 46 мың абонентті қамтитын 738 шақырым ауданішілік желілер салынды. Биыл табиғи газбен қамту құрылысының үшінші және төртінші кезеңі аяқталады. Қала ішіндегі 23 көше күрделі жөнделді.

«Баспана салу да басты назарда. Былтыр 90 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қолданысқа берілген көпқабатты үйлерде 800 ден астам отбасы қоныс тойынтойлады. 17 аула ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әрбірінде балаларға арнап ойын және спорттық алаңдар салынды. Ал биыл 48 тұрғын үй ауласын жөндеу жоспарланып отыр», - деді Дастан Шалтабаев.

Фото: Талдықорған қаласының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать