Войти через

  • 14°C

Вторник, 16 апреля

Екі күнде мал ұрлығының 39 дерегі ашылды

Екі күнде мал ұрлығының 39 дерегі ашылды

17.05.19

Криминал
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Алматы облысының тәртіп сақшылары «Мал ұрлығы» республикалық алдын алу іс-шарасы барысында екі тәулік ішінде мал ұрлығының 39 дерегін әшкереледі, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның 30 дерегі бұған дейін жасалған қылмыс болса, оның ішінде он үш мал ұрлығы «бұрынғы жылдар» санатына жатады.

«Республикалық іс-шара 14-16 мамырға жоспарланған. Екі күн ішінде облыста 9 мал ұрлығы тіркеліп, 17 бас мал қолды болған. Полицейлердің жедел іздестіру шаралары барысында қылмыстардың барлығы ізі суымай ашылып, барлық мал өз иелеріне қайтарылды. Айта кетейік, бұған дейін орын алған қылмыстарды ашу кезінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Кербұлақ аудандарының полицейлері жоғары нәтиже көрсетті»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында мал ұрлығын кәсіп қылған кәнігі ұрылардың 34 тобын құрықтаған. Олардың 96 қылмысқа қатысы бары анықталып, айып тағылды.

«Бірнеше күн бұрын 4 адамнан құралған барымташылар тобы ұсталды. Олар былтырғы қыркүйектен бері 80 бас жылқыны қолды қылғаны анықталды. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 43 жылқыны тауып, иелеріне қайтарып берді. Сондай-ақ, ұрланған малды сатып алушылар мен сату орындары да әшкере болды. Полицейлер ұрылармен қатар, сатып алушыларды да жауапкершілікке тартуға мүдделі. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда»,- деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Фото: Полиция департаменті

 

Это может Вас заинтересовать