Войти через

  • 12°C

Суббота, 20 апреля

Сауналарда «жеңгетай» болған әйелдер ұсталды

Сауналарда «жеңгетай» болған әйелдер ұсталды

03.06.19

Криминал
TINFO
TINFO
Служба новостей
Белгілі төлем үшін қалталы азаматтарға қызмет көрсететін жеңіл жүрісті әйелдерге «жеңгетайлық» көмек берген екі азаматша ұсталды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі облыстық Полиция департаментіне (ПД) сілтеме жасап.
Әйелдер тәртіп сақшылары жүргізген арнайы іс-шара барысында анықталған.
Заңсыз әрекетке ықпал еткен Талдықорған қаласындағы бір қонақ үйдің әкімшісі мен Қарасай ауданындағы сауна әкімшісіне қылмыстық өндіріс қозғалды.
«Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, «жеңіл жүріске» түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы қабылдағыш-реттегіш мекемеге орналастырылды»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать