Войти через

  • 16°C

Среда, 24 апреля

Текелі тұрғыны балконында мариxуанна өсірген

Текелі тұрғыны балконында мариxуанна өсірген

04.07.19

Криминал
TINFO
TINFO
Служба новостей
Текелі қаласының полицейлері өз пәтерінде құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан 40 жастағы азаматты ұстады, деп xабарлайды TINFO желілік агенттігі облыстық Полиция департаментіне (ДП) сілтеме жасап.
Анықталғандай, күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны және есіркінің заңсыз айналымына қатысы болғаны үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Күдікті азамат жанұясымен бірге көпқабатты үйдің үшінші қабатында тұрады. Оның пәтеріне санкцияланған тексеру жүргізу барысында балконнан өсіруге және баптауға тыйым салынған марихуананың заңсыз өсінділері табылды. Есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге қарапайым гүл өсіретін ыдыстар пайдаланылған. Ұсталған азаматтың үйінен жалпы саны 100 түп заңсыз өскін тәркіленді»,- деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Тыйым салынған өсімдікті баптап өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен үйіне жіберілді.

Жыл басынан облыстық тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңсыз айналымынан 400 килограмға жуық әртүрлі есірткіні тәркіледі.
Фото: видео скриншоты.

Это может Вас заинтересовать