Войти через

  • 21°C

Суббота, 20 апреля

Қала басшысы талдықорғандықтарды мерекемен құттықтады

Қала басшысы талдықорғандықтарды мерекемен құттықтады

01.05.19

Культура
TINFO
TINFO
Служба новостей
Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қала тұрғындарын Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
"Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтаймын!
Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қазірде қазақ елі - өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет», деген болатын. Біз - бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұдырықтай жұмылған қуатты мемлекетпіз.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің баға жетпес байлығымыз. Осы жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету - әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Ашық аспан астында, бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір көп ұлттың өкілдерімен татулық арқасында өскелең ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайық!
Құрметті талдықорғандықтар!
Талдықорған аумағындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасасын!", - делінген құттықтауда.
Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать