Войти через

  • 10°C

Среда, 24 апреля

Рәміздер күнінде Гүлнұр Оразымбетова ән салды

Рәміздер күнінде Гүлнұр Оразымбетова ән салды

04.06.19

Культура
TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін Талдықорғанда ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Мереке қонақтарын Талдықорған қаласының әкімі құттықтады.
«... Отан атты қасиетті ұғым да – Ту, Елтаңба және Гимнен бастау алады. Бұл Елбасының саясатының баяндылығы, аса зор отансүйгіштік қасиеті және елімізді әлемдегі ең дамыған мемлекеттер қатарына қосуға деген зор ынтасы, ерен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан да, сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтып, көздің қарашығындай сақтау әрбіріміздің қасиетті борышымыз», — деді Талдықорған әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.
Осыдан кейін мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдады және 16 жасқа толған азаматтарға куәлік тапсырылды.
Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті әншілері және би ансамблдерімен қатар, сахнада танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, өнер көрсетті.
Фото: www.facebook.com/pg/TLD7282/.

Это может Вас заинтересовать