Войти через

  • 17°C

Пятница, 19 апреля

Сүйінбай атындағы филармония жұмысын қорытындылап, әртістерді марапаттады

Сүйінбай атындағы филармония жұмысын қорытындылап, әртістерді марапаттады

09.01.19

Культура
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының 2018 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды есебінің жиыны өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Шараға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев арнайы қатысып, жылдық қорытынды бойынша атқарылған шараларға оң бағасын берді.
Сонымен бірге ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Ерен еңбегі үшін" медалімен Ұлжан Айнақұлды, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен Нұрланбек Бозымбековты, "Қазақ өнерінің қайраткері" медалімен Эльмира Дәуренбекованы, сондай- ақ облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың Құрмет грамотасымен Аманжол Әбутәліпті  және басқарма атынан бірқатар әртістерді марапаттады.
Фото: Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Это может Вас заинтересовать