Войти через

  • 12°C

Четверг, 25 апреля

Танымал блогер Өркен Кенжебек облыстық музейде кездесу өтеді

Танымал блогер Өркен Кенжебек облыстық музейде кездесу өтеді

15.05.19

Культура
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Халықаралық музейлер күніне орай 18 мамыр күні М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде журналист және блогер Өркен Кенжебекпен кездесу өтеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Шара «Музейдегі түн» акциясына орайластырылып отыр.
Өркен Кенжебек – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрілігі ұйымдастырған байқаудағы «Көзқарас – ең үздік блогер» аталымының жеңімпазы. Өзін «қаңғыбас блогер» атайтын ол әлеуметтік желі және медиа нарық мәселелерінен бастап саяхат төңірегіне дейінгі тақырыптарда әңгіме өрбітеді.
Облыстық музей сауатты, әрі тартымды жазуға, шебер сөйлеуге ынтасы бар азаматтарды кездесуге шақырады.
Музей Абай көшесі №245 мекенжайында орналасқан. Басталуы 18:00-де.
Байланыс телефоны: 8(7282) 24-30-58, 8(7282) 24-29-52.

Фото: Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі

Это может Вас заинтересовать