Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Текеліде жаңа бақылау алаңы ашылды

Текеліде жаңа бақылау алаңы ашылды

09.05.19

Культура
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Текеліде қала көрінісін ашатын жаңа бақылау алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарпайды TINFO желілік агенттігі.
Әкімдіктің хабарлауынша, шараға қала әкімі Бахтияр Өнербаев пен жастар қатысты.

“Қаламыздың жастарына арнап жайлы демалыс орнын жасау бұрыннан ойымызда жүрген. Тұрғындар да дәл осы жерде бақылау алаңын ашуды ұсынған еді. Міне, бүгін нәтижесін көріп отырсыздар. Бұл жердің қаламыздағы ең көрікті, текеліліктердің жиі келетін демалыс орынына айналатын жер боларына сенемін”, - деді қала басшысы.

Басқосуда әкім гитарамен ән шырқады және жастардың сауалдарына жауап берді. Өз кезегінде шараға келгендер ән айтып, Текелі туралы өлеңдерін оқыды.

Фото: www.facebook.com/akimatgorodatekeli

Это может Вас заинтересовать