Войти через

  • 15°C

Вторник, 23 апреля

Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен облыстық Ассамблеяның сессиясы өтті

Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен облыстық Ассамблеяның сессиясы өтті

17.05.19

Культура
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Талдықорғанда Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) кезекті ХХV-ші сессиясы өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Облыстық Ассамблеяның хабарлауынша, шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев және Татарстан Республикасынан делегаттар, облысымыздың өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты. Сессияны Алматы облыстық ҚХА төрағасы Амандық Баталов ашты.

Шара барысында Жансейіт Түймебаев ҚХА Төрағасы-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚХА XXVII сессиясында берген тапсырмаларын орындауды жүзеге асыру, облыс аумағындағы этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту басты мақсат екенін атап өтті.

Сессия жұмысы барысында Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай «Жаңғыру мен дамудың негізі: әлеуметтік бірлік» тақырыбында баяндама жасады. Сессияда барысында Мәдениет сарайының фоиесінде жетістіктер көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына облыстық ҚХА негізгі қызметі мен басты басым бағыттары туралы бейнефильм ұсынылды. Сессия жұмысы Ассамблеяның үздік танылған қызметкерлерін марапаттау рәсімімен қорытындыланып, «Жастар» саябағындағы Сабантой-2019 мерекесіне ұласты.

Фото Алматы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныкі.

Это может Вас заинтересовать