Войти через

  • 23°C

Пятница, 19 апреля

Жетісу құрылысшылары марапатталды

Жетісу құрылысшылары марапатталды

12.08.19

Культура
TINFO
TINFO
Служба новостей

10 тамыз күні құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Амандық Баталов сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік құрылысшыларға марапат тапсырды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрылыс пен сәулет өнері – ең көне кәсіптердің бірі, заманымыздың маңызды да құрметті мамандығы. Қоғам өзгеріп, дамыған сайын бұл мамандыққа деген қажеттілік күн санап артып келеді. Соған сәйкес құрылыс индустриясы да жылдан жылға дамып, жетіле түсуде. Осы орайда құрылыс саласында еңбек етіп жүрген сәулетші, жобалаушы, инженер, тас қалаушы, сылақшы сияқты тағы басқа көптеген кәсіп иелерінің әрқайсысы экономикамыздың дамуына, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына зор үлесі қосып отыр. Алматы облысының, соның ішінде облыс орталығы Талдықорған қаласының келбеті, сәні мен сәулеті артып, ерекше көз тартады. Облыс аумағындағы әсем ғимараттар, қолайлы жолдар, жаңадан бой көтерген шағын аудандар, жасыл желекті саябақтар – осының бәрі де сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі. Оның игілігін бүгінде халық көріп отыр. Сол үшін сіздерге барша жетісулықтардың атынан ризашылығымды білдіремін», - деді Амандық Баталов өз құттықтауында.

Сонымен қатар облыстағы құрылыс саласының даму бағыттары, соның ішінде «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының орындалуы, әлеуметтік нысандар тұрғызу, жол жөндеу мен салу, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту шараларына да кеңінен тоқталып өтті.

Мәселен, биылғы жылы құрылыс саласына 101,3 млрд теңге бөлінген. Биылғы жылы 784,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, соның 364,8 мың шаршы метрі бірінші жартыжылдықта пайдалануға берілді. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылай қолдаудың арқасында биылғы жылы 8 білім беру мекемесі, 10 денсаулық сақтау нысаны, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ішкі істер органдарының 18 нысаны пайдалануға берілетін болады. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасында айтылған студент жастарды жатақханамен қамту тапсырмасына сәйкес облыста 1930 орындық құрылысы жоспарланған.

Облыс әкімі облыс көрсеткіштеріне тоқтала келе, өңір құрылысшыларының жаңадан құрылған Райымбек ауданын көркейтуге, Арыс қаласын қалпына келтіру ісіне өз үлестерін қосып жатқандарын да тілге тиек етіп, барша құрылысшыларға мықты денсаулық, толағай табыс, еңбекте жетістіктер тіледі.

Өз құттықтауынан кейін Амандық Ғаббасұлы құрылыс саласының үздік мамандарын марапаттады. Атап айтқанда, бірқатар мемлекеттік мекемелердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және облыс әкімінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды.

Мұнан соң Алматы облысының Құрметті азаматы Оралбек Жақиянов, «Алматы Prodaction Construction & Invest» ЖШС атқарушы директоры Нұрсұлтан Жұмабек, «НСК Астана Құрылыс» АҚ президенті Қайрат Сандықпаев, «Талдықорған жолдары» ЖШС техникалық өндіріс бөлімінің жас маманы Алмас Ақжалбеков әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, лебіздерін білдірді.

Мереке соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, танымал эстрада әншілері мен облыстағы өнер ұжымдары сахнада өз өнерлерін көрсетті.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать