Войти через

  • 20°C

Пятница, 19 апреля

«ZHETYSU VINE-FEST» блогерлер мен вайнерлер фестивалі өтеді

«ZHETYSU VINE-FEST» блогерлер мен вайнерлер фестивалі өтеді

06.09.19

Культура
TINFO
TINFO
Служба новостей

7 қыркүйек күні Талдықорған қаласының Жастар саябағында «ZHETYSU VINE-FEST» блогерлер мен вайнерлер фестивалі өтеді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Фестиваль Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесімен ұйымдастырылған.

Айтуларынша, шара Алматы облысының туристік және сакралды жерлерін Instagram желісі және YouTube видео-хостингісі арқылы қысқа метрлі видеолармен, вайндармен қазақстандық және ТМД елдерінің көрермендеріне таныстыруға бағытталған.

Фестиваль барысында вайнерлер және блогерлер өздерінің көрермендерімен кездесу өткізеді. Кездесуде көрермендер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Отандық «T-jokers», «Jokeasses», «Zheka_FatBelly» «Ratbek» сынды вайнерлері, және YouTube видео-хостингінің «PAZL» арнасының блогерлері Алматы облысының туристтік және сакралды жерлерін аралап, барған жерлерінде вайн және блог түсіретін болады.

Басталуы сағат 18:00-де.

Фото: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы.

Это может Вас заинтересовать