Войти через

  • 7°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысында мамандандырылған мектептерге қабылдау басталды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Елімізде алғаш рет өткен оқу жылында мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқушыларды қабылдау ұйымдастырылып өткізілді. Алматы облысынан 5,6,7 сыныпқа оқуға түсу үшін 558 оқушы қатысты. Оның ішінде 320 оқушы оқуға қабылданған. Бұл үрдіс биыл да жалғасуда.

Бастаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады. 2022-2023 оқу жылына Алматы облысы білім басқармасына қарасты 6 мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқуға түсу үшін құжаттар қабылдайды.

Атап айтсақ, Талдықорған қаласындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі, Талдықорған қаласындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі, Қарасай ауданындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби ат. арнаулы гимназиясы, Жамбыл ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы, Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, Абай атындағы Алматы облыстық мамандандырылған гимназия- интернаты.

Шәкірттерге оқуға түсу үшін онлайн тіркелу 1 наурыз - 1 сәуір аралығында жүргізіледі. Ал, құжаттар «Дарын» РҒПО-ның qabyldau.daryn.kz сайты арқылы құжаттар қабылданады. Іріктеу конкурсы 15 сәуір - 01 мамыр аралығында офлайн режимде өткізіледі.

Это может Вас заинтересовать