Войти через

  • 6°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысында «Парасаттылық мектебі» құрылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жаңа оқу жылынан бастап өңірдегі барлық білім ошақтарында «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастайды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Мекеме жас буынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы дұрыс үгіттеп, адалдыққа үйретпек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жоба жетекшілері мәлімдеді.

Бастама «Жетісу адалдық алаңы» аясында жүзеге асады. Қазіргі таңда білім саласында «Парасаттылық лагері» жүріп жатыр. Ол бойынша Жетісулық 32 000 мыңнан аса жеткіншек демалыс орнымен қамтылған. Сондай-ақ облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері 100-ден аса шара ұйымдастырған.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать