Войти через

  • 23°C

Суббота, 20 апреля

Панфилов ауданындағы мектептерге Қонаев, Момышұлы мен Бөкейхановтың есімі берілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Жаңа оқу жылында Панфилов ауданында үш мектепке қазақ зиялыларының есімі берілді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Оқу жылының басталуына орай Панфилов ауданындағы «Көктал орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығына мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. 
Бұрынғы А. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімімен аталса, Сәтжол орта мектебіне алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі беріліп, ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

«Биылғы жылы осы күнге дейін ауданымызда бірқатар елді-мекен мен көше атаулары өзгертілсе соның ішіндегі ең қуантарлығы үш білім ордасына қазақ зиялыларының есімі берілуі», - дейді аудан әкімінің орынбасары Шухрат Курбанов.

«Бірде Димаш атамыз Жаркент-арасанда демалып, қайтып бара жатқанда Көктал ауылының бір топ оқушылары атамыздың көлігін тоқтатып, ауылға мектеп салып беруін өтініпті. Димаш атамыз балаларға берген уәдесін орындап, 1976 жылы Көктал орта мектебі бой көтерген. Міне, осы мектепке Дінмұхаммед Қонаев атамыздың есімін беру өте құптарлық іс»,- деп атап өтті кезінде Панфилов ауданының бірінші хатшысы болыған Ғалым Туғанбаев.

Айта кету керек, жаңа оқу жылы қарсаңында Панфилов ауданында 50 мектеп есігін ашса, 2800-ден астам бүлдіршін мектеп табалдырығын жаңадан аттады.

Фото: Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать