Войти через

  • 6°C

Пятница, 29 марта

"Жастар. Жігер. Жаңғыру" атты Жастар жылының салтанатты ашылу жиыны өтті.

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен 2019 жылдың 18 ақпан күні Сарыөзек ауылында аудан әкімі Махаббат Бигелдиевтің қатысуымен аудан жастарымен еркін форматта кездесу жиналысы өткізілді, деп хабарлайды TINҒO желілік агенттігі.

Жастардың аудан әкімімен кездесу жиналысына ауданымыздың әлеуметтік экономикалық даму барысындағы әр салада қызмет атқарып жүрген жастар, және "Жас Отан" жастар қанатының белсенді мүшелері қатысты. Жиналыс барысында аудан жастары Елбасының "Жастар жылы" бағытындағы аудан көлемінде атқарылатын жұмыстардың орындалуы барысындағы жоспарларға пікірлері мен қатар жастар бағытындағы ұсыныстарын айтып, айтылған ұсыныстар аудан басшылығының назарына алынды.Жиналысты қорытындылай келе аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сарыбаев Төленді Оспанбайұлы жастарға ақ батасын беріп "Жастар жылында" жастарға артқан үлкен сенімді және аудан әкімінің қолдауының арқасындағы жастарды әр салада белсенді болуға, мемлекетіміздің даму жолында қажырлы еңбек етуге шақырды. Жиналыс соңы аудан әкімінің жастарымен естелік суретке түсуімен тарқасты.

Фото: Әкімдік.

Это может Вас заинтересовать