Войти через

  • 14°C

Четверг, 25 апреля

Жетісулық 770 оқушыға 9 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Елімізде жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Акция 5 шілде күні басталған. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу.        

«Игі шара барысында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, киім-кешек, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнде жетісулық 770 оқушыға 9 млн көлемінде демеушілер тарапынан көмек көрсетілді», - деп атап өтті Жаңыл Сүлейменова.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл сайын шараның ауқымы кеңейіп, тұрақты демеушілер мен меценаттардың қатары артып келеді. Мәселен, былтыр облыс бойынша 36 мыңнан астам бала қайырымдылық көмек алған. Оның басым бөлігі демеушілер тарапынан көрсетілген. Айта кетсек, шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Жалпы, бұл акция 2002 жылдан бері қолға алынған. Тек қана демеушілер емес, облысымыздың 26 басқармасы да бір-бір балаға көмек көрсетуде. Биыл да акция жоғары деңгейде өтеді деген ойдамын.Себебі, қол ұшын беремін деген азаматтар өте көп», - деді Жаңыл Сүлейменова.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать