Войти через

  • 10°C

Пятница, 29 марта

Алакөл аудандық орталық мешітінде семинар өтті

Алакөл аудандық орталық мешітінде семинар өтті

15.03.22

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей
Бас мүфти «Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін биылғы жылды «Ислам–ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай ізгілікке толы Амал мерекесі күні Алакөл аудандық орталық мешітінде аудан имамдарының бас қосуымен семинар өткізілді.

Семинарда негізгі мәселелер талқыланып, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің ұстазы Хамит Табарак «Шәриғат және пәтуа тағылымы», «Ихсан ілімі–рухани кемелдену жолы» мен «Ақида» іліміндегі тура және ауыспалы мағыналы аяттардың тәпсірін¹ түсіндірсе, исламтанушы, ЖАНТ мүшесі Ережеп Жардыбайұлы «Дін мен дәстүр тұтастығы» тақырыбында дәріс оқыды.
«ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары» атты семинар бөлімінде ЖАНТ мүшелері Хамит Табарак, Ережеп Жардыбайұлы және «Нұр» мешітінің бас имамы Жансерік Алпысбаев жергілікті имамдардан емтихан алып, артынша дәріс алғаның растайтын сертификаттарын табыстады.

Ислам діні–мемлекетте тыныштық пен әділдіктің болуын көздейді. Бүгінгі күні еліміздегі барлық мешіттер мен медреселер бейбітшілік пен бірлікті нығайту жолында үздіксіз қызмет етіп келеді. Халықты қанаттандырып отыратын ұстаздардың тағылымды кездесулері аудандық ардагерлер үйінде ел ертеңі-жастар қауымымен жалғасын тапты.
Кездесуде «Иман» мешітінің ұстазы Ережеп Жардыбайұлы «Имандылық иірімдері» және «Ислам–ынтымақ пен бірлік» тақырыбында ой өрбітсе, қалалық әкімдіктің мәжіліс залында исламтанушы, ұстаз Хабит Табарак «Қазақ халқының рухани құндылығы», «Дін мен дәстүр» және «Жат ағымнан сақтану» тақырыбы аясында жас буынға уағыз-насихат айтты.

Келелі кездесуде ауданның бас имамы Әнет Омарханұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тезекбай Жанасылұлы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Бурасанқызы мен ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Алмат Асхатұлы «Ислам дінінің кемелдігі», «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар», «Дәстүр мен ұрпақ тәрбиесі–ұлттық идеологияның негізі» мен «Жастар және дәстүр» тақырыптары аясында жас ұрпаққа тағылымды тәлім-тәрбие беретін жүйелі ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

¹ «Тәпсір» сөзі тілдік мағынада–«ашықтау», «баяндау» дегенді білдіреді. Сөздікте «тәпсір» сөзі жабылған нәрсенің бетін және түсініксіз болған сөздің мағынасын ашу дегенге де келеді.

К.Арстан,
Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Это может Вас заинтересовать