Войти через

  • 15°C

Суббота, 20 апреля

Бағдарлы мақала

Бағдарлы мақала

24.10.17

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына және «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес Алматы облысының әкiмдiгi нің қаулысына байланысты «Талғар ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінде төмендегідей қызметтер көрсетіледі:

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілетін «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» жалпыреспубликалық жастар акциясының жұмыс жоспарына сəйкес 18-21.09.2017 жылы «Өзіңнен баста» аудандық акциялары өтті. Акция мақсаты: Жастардың қоғамдағы белсенділіктерін арттыру, жастарды бос уақыттарын тиімді пайдалану арқылы ардагерлерге құрмет көрсету, көмектесу. Акция барысында Талғар ауданының жастар ресурстық орталығы жəне қала, ауылдық округтерінің жастар ісі жөніндегі əдіскер-нұсқаушылар, КДМ жетекшілерінің ұйымдастыруымен бірқатар қарттарымыз - ардагер Нұрмахан Ұлбике, ҰОС-ның ардагері Легостаев Вячеслав Феодоровичке, Тасыбаев Куставлетке, Белоусов Иванға көмек көрсетті. Ауласын тазалап, қысқы отынын бұтап, құрайларын орды. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы көрсетілген жобаларды іске асыру асыру бойынша жастар арасында түсіндіру, талқылау жұмыстарын жүргізілді. Талғар ауданына қарасты 43 мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Талғар медициналық колледжінің конференция залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы көрсетілген жобаларды іске асыру бойынша жастар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Пікірталас мақсаты: Елбасы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»мақаласының мəні мен маңызын жастарға түсіндіру, насихаттау. «Құт мекен – ZHETISU» атты ескерткіштерді маңын тазалау экологиялық акциясы аясында Талғар қаласында, Белбұлақ, Тұздыбастау, Кеңдала, Қайнар, Алатау жəне Нұра ауылдық округтерінде «Құт мекен – ZHETISU» атты ескерткіштерді маңын тазалау сынды экологиялық акциясы өтті. Аудан бойынша барлығы 34 ескерткіш маңы тазаланды. Талғар ауданының жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ жəне Бесқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Е.Махамбетьяровтың ұйымдастыруымен «Туған жерге туыңды тік» жастар акциясы өтті. Акция барысында Бесқайнар ауылдық округінің əкімі М.Əділбеков пен жастар ресурстық орталығының жетекшісі З.Қалымбетоваларға сөз берілді. Жалынды жастардан құралған топ өз биін билеп, əндер орындалды. Акция барысында ауыл жастары мен тұрғындар Табаған шыңына саяхат жасап, белсендлік танытты. Жастар «ЖАСАСЫН ЖАСТАРМЕН ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН!» ұранын жатқа айтты. Елбасы қазақстандықтарға шығармашылық еркіндік пен өмірлік мүмүкіндіктер ашып отыр. Бүгінгі күні жеткен жетістіктерімізді сақтап, оны одан əрі нығайтуға, келешек ұрпаққа қуатты мемлекет қалдыруға мүмкіндігіміздің бар екендігі тағы да дəлелдеп берді. Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз жəне бұқаралық сананы қалай өзгертуіміз қажеттігі туралы ойларын ортаға салған. Біз, жастар, аталған тапсырмалар мен бізге жүктелген міндеттерді сапалы атқаруымыз қажет!

З.Қалымбетова Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі.

Это может Вас заинтересовать