Войти через

  • 8°C

Четверг, 25 апреля

Депутат ұлттық валютада киелі жерлерді бейнелеуді ұсынды

Депутат ұлттық валютада киелі жерлерді бейнелеуді ұсынды

04.12.17

Общество
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Үкімет сағатында, 500 теңгелік банкнотада кескінделген «Москва» бизнес-орталығының бүкіл Қазақстан үшін еш ізгі символдық мәні жоқ екенін айтты, деп хабарлайды.

Ел арасында және ақпарат құралдарында Ұлттық банк таныстырылымын өткізген 500 теңгелік жаңа банкнотқаға қатысты қызу пікірталастар жүруде. Бақытбек Смағұлдың пікірінше 500 теңгеде кескінделген елордадағы «Москва» коммерциялық бизнес орталығының бүкіл Қазақстан үшін еш ізгі символдық мәні жоқ.

Депуттатың айтуынша, бүкіл әлемде ұлттық валютада таңбаланатын бейне символдық мәнге ие болып келеді. Сондықтан оған қоғам да, орталық банктер де бей-жай қарамайды. Мұны дамыған елдер тәжірибесінен де байқауға болады. Сондықтан бұл маңызды іс, яғни ұлттық валютамызда не бейнеленетінін жалғыз Ұлттық банк дизайнерлерінің жеке таңдауына ғана тастамай, қоғамдық талқыға шығарған да маңызды.

«Осы орайда Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» стратегиясы ұлттық валютада да көрініс бергені жөн деп санаймын. Және бұл тек теңгеміздегі жазуларды кейін латын графикасына көшірумен ғана шектелмеуі қажет. Сонымен қатар ұлттық валютада барша қазақстандықтар, сондай-ақ күллі түркі дүниесі қасиет тұтар киелі жерлер көрініс тапқаны абзал»,- деді депутат.

Оларды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Барлығы бойынша жан-жақты ақпараттар, соның ішінде фотодеректер «Рухани жаңғыру» аясында қолға алынған «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында жинақталуда. Таңдау өрісі де кең. Ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер қазірдің өзінде жүз жалпыұлттық және 500-дей өңірлік мәдени ескерткіштерді іріктеп алғаны мәлім.

«Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында олардың қатарына Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді жатқызды», - деді Бақытбек Смағұл.

Бұл ретте депутат халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайтын» таңдаулы киелі орындарды кезек-кезекпен ұлттық валютада бейнелеу арқылы, оларды барша Қазақстан халқына, жас ұрпаққа және елімізге келер шетелдік туристер мен мәртебелі меймандарға, сондай-ақ жаһандық коллекционерлер арасында насихаттап отыруды ұсынды. Осылайша қазақстандықтарды, әсіресе, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, киелі орындарға деген құрметке баулуға үлес қосамыз. Бақытбек Смағұлдың аутйынша бұл қадам киелі жерлерді әлем жұртшылығының назарына іліктіріп, отандық туризмге серпін беруге ықпал етер еді.

Это может Вас заинтересовать