Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Егістік алқабында жұмыс қызу

Егістік алқабында жұмыс қызу

07.10.22

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей
Көксу ауданы мәслихатының хатшысы Досымбеков Әлдибек Рғайбекұлымен бірге  Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Шеңгелбаев Секенбай Сейтжанұлы, Көксу ауданы мәслихатының депутаты Алпысбаев Қалибек Демегенұлымен бірге, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арналған жолдауының бағыттарын түсіндіру бойынша «Алим Таяр» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жұмысшыларға жолдауда айтылған игерілмей жатқан жерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылғаны, жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отырғаны, игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайтынын, еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру, Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеу, ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жастан шығару туралы бағыттары түсіндіріліп, шаруа қожалығының жұмысымен танысты, tinfo.kz хабарлайды

Это может Вас заинтересовать