Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Ескелді ауданындағы нысандарға мониторинг

Ескелді ауданындағы нысандарға мониторинг

07.10.22

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Облыстық мәслихат депутаттары С.Шенгелбаев, Л. Есболова, Д. Дигай, Ж. Нурмуханова, Г. Нам тарапынан Ескелді ауданына қарасты бірқатар нысандарға мониторинг жүргізді, tinfo.kz хабарлайды

Оның ішінде Қарабұлақ ауылындағы Жеңіс көшесінің бойында орналасқан саябақ жағдайымен танысып, қысқы маусымға байланысты көмір қоймасын көріп, қатты отынның қажетті мөлшерде бар-жоқтығын анықтап, қарады. Аудан орталығындағы тағы бір әлеуметтік нысан "Березка" балабақшасымен 60 пәтерлі үйдің құрылысы. Бұл нысандар қарабұлақтықтар үшін алдағы уақытта пайдалануға берілмек. Нысандағы құрылыс материалдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар сапасына мән берді. Одан әрі кестеден ауытқып кешігіп жатқан әлеуметтік нысан Бақтыбай ауылдық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын көріп, мердігерлермен жұмыс кестесімен сапасына назар аударды. Өзекті мәселелердің бірі дүкендердің бағасына мониторинг жасап, халықтың ұсыныстары назарға алынды.

Это может Вас заинтересовать