Войти через

  • 19°C

Пятница, 19 апреля

Кербұлақ ауданында қарттарға құрмет көрсетілді

Кербұлақ ауданында қарттарға құрмет көрсетілді

02.10.21

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту  ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз.  Қазақ қариясын сыйлаған халық. "Қарты бар үйдің қазынасы бар!", - деген. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған. Ақындар жырына қосып, амандығын тілеген. Той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан.

Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін күнтізбедегі 1 қазан – Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда ауданның барлық ауылдарында қарттарға марапат көрсетілді. Кербұлақ ауданының әкімі Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы бір ғасырдан астам өмір сүрген ардақты 5 аналарды  төл мерекелерімен құттықтап, гүлшоқтары мен сыйлықтар сыйлады. Жайнақ батыр ауылдық округінде тұратын кейуана әлі тың,  өзі жүріп- тұрады. “Үлкен кісінің жасын берсін деп, бата сұрайтындар көп”, - дейді Куянбаева Джами әжеміз.

Сонымен қатар, 1000-ға  жуық ардагерлерге алғыс білдіріп,  құттықтап, сыйлықтар табыстады. Әр түрлі форматтағы іс-шаралар, акциялар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан бір жолғы көмек, шипажайларға жолдама, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген 1979-1992 жылдар аралығында Сарыөзек ауылындағы кәсіби өрт сөндіру бастығы қызметін атқарған Оберенко Виктор Анатоновичті аталмыш төл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, Кербұлақ ауданының полиция қызметкерлері ардагерлерді құттықтап, сыйлықтар табыстады. Кездесу барысында ардагерлер қызметкерлерге жұмыс атқару бойынша тәлімгерлік бағыт-бағдар берді.

Бұл мерекені алғашқылардың бірі болып, скандинавтықтар тойлай бастады. Біраз уақыттан кейін АҚШ зейнеткерлер үшін жылдың ерекше күнін бөлуге шешім қабылдады. Көп ұзамай мереке халықаралық мәртебеге ие болды. Елімізде бұл мереке жыл сайын аталып өтіледі. Ғаламшардағы барлық қарт адамдар үшін бұл маңызды оқиға 1990 жылдың желтоқсан айында өтті. Дәл сол кезде БҰҰ Бас ассамблеясы екінші күз айының бірінші күнін Халықаралық қарттар күні деп санау туралы шешімі бар қарар қабылдады. Яғни, 1991 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланған болатын.

Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы Раушан Бисембекқызы

Это может Вас заинтересовать