Войти через

  • 19°C

Суббота, 20 апреля

Жолдауды түсіндіру ауыл-ауылдарда жалғасуда

Жолдауды түсіндіру ауыл-ауылдарда жалғасуда

07.10.22

Общество
TINFO
TINFO
Служба новостей

Өздеріңізге мәлім ел президентінің 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жариялаған Жолдауын қалың бұқараға түсіндіру аясында ауыл-ауылдарда шаралар өткізулде. Осы орайда, Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Секенбай Шенгелбаев Көксу ауданының Зылиха Тамшыбаева атындағы ауылдың тұрғындарымен кездесті, tinfo.kz хабарлайды

Депутат Жолдаудағы бес басты бағдар жайлы айтып өтіп, оның еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында оң серпіні және күтілетін нәтижелері жайлы жеткізді.

Президент Қ.Тоқаев өз сөзінде «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек.Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады», - деп атап өткендей ұлтымыздың діңгегі халық және осы ретте әрбір ауыл тұрғынына Жолдаудың маңыздылығын түсіндірген жөн.

Это может Вас заинтересовать