Войти через

  • 11°C

Пятница, 29 марта

Өнерімді еліме арнаймын

Өнерімді еліме арнаймын

27.04.22

Новости
TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында “Замандастар жырлары" жобасы аясында «Өнерімді еліме арнаймын» әдеби-шығармашылық кеш өтті.

Кештің мақсаты - өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармаларын оқуға насихаттау, олардың үлгілі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Кеш қонақтары: ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі – Жұматай Оспанұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері – Қасен Гүлбақыт Тоқтанқызы мен Жангелді Немеребай, Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі,  Халықаралық  Қазақ  ПЕН клубының мүшесі, «Жетісу» телеаранасының  бөлім басшысы,  «Janr» жетісу  әдеби клубының президенті – Есболат Айдабосын, Республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы, «Көңіл гүлі», «Алғыс» атты өлеңдер жинағының авторы – Азамат Нұрмұхан Сайлауұлы, сонымен қатар Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі, республикалық «Жас Алаш» газетінде прозалық шығармаларға арналған «Қазақ пен қала» проза байқауының жеңімпазы – Темірлан Қылышбек.

 Кездесу барысында Зияткерлік оқушылар мен кеш қонақтары бірігіп арнайы тапсырмалар орындады: қысқа уақыт аралығында шығармашылық жұмыс (проза/поэзия) жазды.  «Ақын өлеңдері оқырман көзімен» айдары бойынша оқушылар қонақтардың шығармаларының біріне алдын-ала салынған суреттерді, газет-журнал қиындыларынан жасалынған постерлерді таныстырды. Қонақтар сурет арқылы өзінің қай шығармасымен байланысты екенін анықтап, сол шығарманың шығу тарихымен бөлісті. Сондай-ақ, ақын-жазушылар шығармашылық лабораториясы жөнінде оқушыларға сұхбат берді.

 Өскелең ұрпақ әдебиеттен алшақтамаса, ол ұлттан алшақтамайды. Ұлттан алшақтамаған адам, ол кейін ұлттың қайраткері болады, халыққа қызмет етеді. Қазіргі таңда мықты білгірлер бар, бірақ өзінің төл мәдениетінен алшақтап кеткен. Сондай мәселені алдын алу – бүгінгі Зияткер мектеп ұйымдастырып отырған осындай іс шара, - деп «Жетісу» телеаранасының  бөлім басшысы,  «Janr» жетісу  әдеби клубының президенті, жазушы, журналист Есболат Айдабосын өз пікірімен бөлісті.

 

 

Это может Вас заинтересовать