Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

127 мың талдықорғандықтың дауыс беру құқығы бар

127 мың талдықорғандықтың дауыс беру құқығы бар

30.05.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
9 маусымдағы президент сайлауына 127 мыңнан астам талдықорғандық  сайлауға қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта қалада 57 сайлау учаскелері жасақталған. Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған қаласына қарасты сайлау учаскелерінің жай-күйімен танысты.
Қала әкімінің сайлау учаскелерін аралаудағы мақсаты – қала аумағында орналасқан учаскелердің дайындық деңгейі мен талаптарға сай екенін анықтау.
«Алдымызда үлкен науқан тұр. Мемлекет басшысын сайлауға келген қала тұрғындарына біз барлық жағдайды жасауымыз керек. Кез келген тұрғын өз учаскесіне келгенде кедергісіз өз аты-жөнін тауып, қиындықсыз өз таңдауын жасауы шарт. Оған әр учаскедегі төраға жауапты. Сонымен қатар, сауда нүктелерін де ашып қойғанымыз абзал. Әр азамат өзіне керегін тауып, сусынын ішіп, көңілді қайтқаны қандай жақсы болар еді?!» - деді қала басшысы.
Ғалымжан Райылұлы азадаған кемшіліктер орын алған жағдайда бірден мамандарға айтып, кемшіліктерді жоюды тапсырды.
Фото: www.facebook.com/TLD7282/, Интернет.

Это может Вас заинтересовать