Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Ақан Әбдуәлиев Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

Ақан Әбдуәлиев Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

29.08.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Әбдуәлиев Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінің басшысы Айдар Қырықбай Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Ақан Әбдуәлиев 1975 жылы туған. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын және Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы болып бастаған. Әр жылдарда «Қазақконцерт» РМҚК-да аспапта жеке орындаушы, Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі мен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, А.Жұбанов атындағы республикалық мектеп интернаты директорының орынбасары, директоры, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры лауазымдарын атқарған.

2016-2018 жылдар аралығында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болған. 
2018 жылдан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать