Войти через

  • 11°C

Четверг, 25 апреля

Алакөл ауданының Достық ауылдық округінде жаңа әкім сайланды

Алакөл ауданының Достық ауылдық округінде жаңа әкім сайланды

26.07.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы нәтижесінде Достық ауылдық округ әкімінің лауазымына Ринат Құрмаев тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

«ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы №148 Заңының 36 бабына сәйкес Достық ауылдық округ әкімінің лауазымына аудандық мәслихат депутаттарының сайлауы нәтижесі бойынша жоғарғы дауыс жинаған Құрмаев Ринат Мәлікұлы тағайындалды. Осы орайда 25 шілде күні жаңа басшыны ауыл тұрғындарына таныстырып, тиісті міндеттер жүктеп, жұмысына сәттілік тіледім», - деп жазды аудан әкімі.

Фото: www.facebook.com/zhakanbaev.alibek

Это может Вас заинтересовать