Войти через

  • 15°C

Среда, 24 апреля

Қаратал ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қаратал ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

05.09.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Марат Иманбаев Қаратал ауданы әкімінің орынбасары болды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Осыған дейін ол Қаратал ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарған.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, Марат Иманбаев 1966 жылы Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын, 2001 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетін, 2004 жылы Қазақ-өзбек инженерлік гуманитарлық университетінің заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1988 жылы Талдықорған комсомолдық комитетінің хатшысы болып бастаған. 1990-1994 жылдары талдықорған ауданы «Победа» совхозы автогаражының механигі қызметін атқарды.1995-1996 жылдары «Көтерме және бөлшек сауда бағбандық қауымдастығы» директордың орынбасары, 1997 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласы "Тоқтамыс" ЖШС директорының орынбасары, 1997-1999 жылдары "Дильда" ЖШС директоры болды.

1999 жылы Талдықорған қаласы әкімі аппаратының бас маманы, Ішкі саясат бөлімі,1999-2003 Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімшілігінің кіші, орта кәсіп және сату бөлімінің басшысы,2003-2005 Талдықорған қаласы әкімшілігінің кіші, орта кәсіп және сату бөлімінің басшысы, 2005 жылы "Талдықорған қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысының орынбасары, 2006-2013 Алматы облысы РМКК жылжымайтын мүлік орталығы Ескелді аудандық филиалының басшысы, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылы, 2013-2014 ӘКК "Жетісу" ҰҚ" капиталдық құрылыс Департаментінің директоры, Талдықорған қаласы, 2017 ж Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің м.а., Ескелді ауданы, 2017-2018 Қарабұлақ ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келген.

Фото: Қаратал ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать