Войти через

  • 10°C

Суббота, 20 апреля

Мемлекеттік қызметке қабылдану үшін енді тек жоғарғы білім жеткіліксіз - Ләззат Бейсенқұлова

Мемлекеттік қызметке қабылдану үшін енді тек жоғарғы білім жеткіліксіз - Ләззат Бейсенқұлова

21.01.19

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист
Мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесіне ағымдағы жылы бірқатар өзгеріс енгізілді. Енді тестілеуде үміткердің білімі ғана емес, оның «құзыреттер» деп аталатын жеке қасиеттері де бағаланбақ, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Бейсенқұлованың айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметке қабылдауда үш сатылы іріктеу жобасы оң нәтиже беріп, жүйе айтарлықтай жақсарған.
"Енді осы жылдан бастап, үміткердің 8 дағдысы анықталады. Олар, бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау. Сондай-ақ, қаңтар айынан бастап қызметкерлердің 8 сағаттық жұмыс күнін сақтауын қадағалай бастадық. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сағат 18.30-да барлық ақпараттық жүйе мен компьютерлер өшірілуде", – дейді ол.
Департамент басшысының орынбасары цифрлық жүйенің енгізілуіне байланысты құжат тапсыру рәсімінің де оңтайландырылғанын мәлімдеді. Яғни, осыған дейін қағаз данасын тапсыру міндеттелсе, енді құжаттар мемлекеттік мекемелерге тек электронды жүйе арқылы өткізілетін болды. Ал ақпанның 1-інен бастап тестілеу сертификаты электронды форматқа көшіріліп, мемлекеттік мекеменің кадр қызметі үміткерлердің тестілеуден және құзыреттілігін бағалаудан өткендігі туралы мәліметті «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінен ала алады.
Айта кету керек, 2019 жылдан бастап сынақтан өтушілер шекті балды жинап қана қоймай, психометриялық есептер мен ситуациялық кейстен өткендігін растайтын сертификат алулары қажет.

Это может Вас заинтересовать