Войти через

  • 20°C

Среда, 24 апреля

Мемлекеттік қызметшіге берілген сыйлықты қайда өткізу керек?

Мемлекеттік қызметшіге берілген сыйлықты қайда өткізу керек?

13.12.18

Политика
Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттіктің департамент мамандары мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, сыйлық өткізу тәртібі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Әр адал және беделді мемлекеттіқ қызметшінің міндеті сыйлық алған және білгеннен кейінгі 7 күнтізбелік күн ішінде Алматы облысының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізу болып табылады.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 7 күнтізбелік күн ішінде сыйлықтың бағалауын жасайды және көрсетілген тұлғамен сатып алу-сату туралы шарт жасасады.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті арнайы мемлекеттік қордағы сыйлықты үшінші тұлғаларға сатуға сыйлықты өткізген тұлғаның сатып алудан жазбаша бас тартуынан кейін ғана сатуға құқылы.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 472 бабының 1 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүліктерді толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.

«ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінінің алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ мекенжайы: Алматы облысы, Талдықорған қ., Біржан сал көшесі, д.130/132;

Тел.: 8 (7282) 24-53-49, 24-24-91, 24-53-75 (бухг.), факс: 8 (7282) 24-53-29, e-mail: K.Mendebaev@minfin.gov.kz.

Фото: Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Агенттіктің департаменті.

Это может Вас заинтересовать