Войти через

  • 18°C

Среда, 24 апреля

Президент бастамасы іс жүзінде

Президент бастамасы іс жүзінде

19.09.22

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Өздеріңізге мәлім 1 қыркүйек күнгі мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауы аясында президенттің 7 жылға 1 реттік сайлануы туралы бастама көтерген болатын. Міне бүгінгі күнгі саяси реформадағы бұл бастама іс жүзінде іске асып, Парламенттің бірлескен отырысында еліміздің Конституциясына түзетулер енгізуді бірауыздан қолдады, tinfo.kz хабарлайды

Енді президент 7 жылға бір рет ғана сайлана алады және алдағы уақытта бұл норманы қайта өзгертуге болмайды. Конституция, яғни Ата заңымыз мемлекетіміз үшін басты құжат болып табылғандықтан, Парламент қабырғасында қазақстандықтарға енді Конституцияны өзгертпеуге уәде берді.

30 жыл ішінде түрлі саяси реформаларды іске асырып келе жатқан біздің мемлекет үшін бұл жаңашылдық, бірақ бұл бастаманы қазақстандықтар оңынан бағалап жатқанын көрсетіп отыр.

Ел ішіндегі саяси өзгерістер уақыт келе өз маңыздылығын көрсетері анық, ал ендігі меже жаңа Қазақстанды құру жолында игі бастамаларды іске асыру болмақ.

Болатжан Нұрбеков – Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі

Это может Вас заинтересовать