Войти через

  • 12°C

Четверг, 25 апреля

Референдум - 2022: ел ықыласы ерекше

Референдум - 2022: ел ықыласы ерекше

05.06.22

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

 Ескелді ауданына қарасты Жетісу ауылындағы орта мектептегі №237 сайлау учаскесінде окург тұрғындары өз таңдауын жасады. Ел ықыласы ерекше, tinfo.kz хабарлайды 

Жалпы окургте 2300 адам тұрады. Оның 1115-і сайлауға қатысуға рұқсат алған. Ал окург орталығынан 5 шақырым жерде орналасқан Жеңдік ауылының тұрғындарына барып-келуге Жетісу орта мектебінің арнайы автобусы берілген. Ал екі адам үй жағдайында дауыс беруге өтініш білдірген. Сайлауға қатысуға құқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы құрылығылар да орнатылған. Окург тұрғындарының дауыс беруі үшін барлық жағдай қарастырылған. Бұл туралы аталған сайлау учаскесінің төрағасы Қуат Қожахметов мәлімдеді. Өз таңдауын жасауға ерте келген ақсақалмен 18-ге жасқа толып, бірінші рет сайлауға қатысқан азаматқа сайлау комиссиясының мүшелері арнайы сыйлық берді.

– Ел ертеңі үшін, келешек жастарымыздың өмірі үшін өз таңдауымызды жасадық. Ауыл ақсақалдары осыған дейінгі сайлаулардан қалыс қалып көрмеген. Біз үшін елдің, жердің тағдыры маңызды, –дейді зейнеткер Сайлаубай Әлімқұлов.

Жалпы Ескелді ауданы бойынша сайлауға қатысуға рұқсат алғандар саны – 34 867. Ауданда 35 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр (1 – аумақтық референдум комиссиясы, 34 – референдум комиссиясы).

Это может Вас заинтересовать