Войти через

  • 17°C

Суббота, 20 апреля

Сарқан ауданының прокуроры ауысты

Сарқан ауданының прокуроры ауысты

05.09.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Ерғали Алибаев Сарқан ауданының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Ол осыған дейін 2014 жылдан бері Алматы облысы Ақсу ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Ерғали Алибаев 1981 жылы 27 қарашада Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген.


1998-2002 жылдары Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003-2005 жылдары Ақсу ауданының аға прокурорының көмекшісі ретінде басталаған. Әр жылдары Талдықорған қаласы аға прокурорының көмекшісі, Алматы облысытық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің басшысы болды.

2012-2014 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, 2014-2019  жылдары Алматы облысы Ақсу ауданының прокуроры қызметтерін атқарды.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать