Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Талдықорған әкімінің жаңа орынбасары сайланды

Талдықорған әкімінің жаңа орынбасары сайланды

20.06.19

Политика
TINFO
TINFO
Служба новостей

Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған Байназаров Сайлауғалы Әбдісәліұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі әкімдікке сілтеме жасап.
Талдықорған басшысы Ғалымжан Әбдірайымов жаңа орынбасарын қала активінде таныстырды.

Сайлауғалы Байназаров 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1993 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін экономист-менеджер, ал 2005 жылы заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы электромонтер болып Шымкент қаласынан бастаған. 1987-1988 жылдары Алматыдағы «Электробытприбор» зауытында слесарь, 1993-1996 жылдары жекеменшік кәсіпорында қойма меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

1996-2001 жылдары Алматы мен Шымкент қалаларындағы бірқатар оқу орындарында мұғалім, кафедра меңгерушісі, басшының орынбасары болып еңбек етті. 2001-2003 жылдары Алматы қалалық көріктендіру департаментінде бөлім бастығының міндетін атқарушы, департамент бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, ал 2005-2013 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратында бас маман, қала әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2013-2014 жылдары «Мемлекеттік сараптама» РМК бас маман, 2015-2016 жылдары Ресурстар басқару комитетінде бас маман, 2016-2017 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратында бас инспектор болған.

2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы, 2018-2019 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған.

Фото: www.facebook.com/TLD7282/.

Это может Вас заинтересовать