Войти через

  • 13°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысының аумағында «Қауіпсіз автокөлік» акциясы өтіп жатыр

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

2019 жылдың басынан облыс аумағында автокөлікте 5 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, автокөліктердегі өрттердің басты себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы, габен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу, автокөліктің отындық жүйесін қыздыру кезінде отпен абайсыздық салдары, қасақана от қою және т.б. болып табылады.

Өрттердің алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы қаңтар айында облыс аумағында «Қауіпсіз автокөлік» акциясы өтіп жатыр.

Акцияны өткізудің мақсаты – автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себептері бойынша өрттердің және адам өлімінің алдын алу.

Сонымен, Алматы облысы ТЖД қызметкерлерімен автокөлік құралдарының қауіпсіздігі сұрақтарына назар аудартып және автокөлік иелеріне белгілі әсер етуге маңыздалған шаралар өткізілуде.

Алматы облысының ТЖД барлық автокөлік иелерінен:

- өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауларын сұранады;

- бензосымдардың дұрыстығын қадағалаңыздар, тозығы жеткен және жарамсыз электр сымдарын уақтылы ауыстырыңыз;

- сақтандырғыштың орнынан сым темірді қолданбаңыз;

- автокөлігіңізді нағыз қажет кезде керек болуы мүмкін алғашқы өрт сөндіру құралдары – өрт сөндіргішпен жабдықтаңыз.

Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтай отырып, Сіз автокөлігіңіздің отқа оранғанын көрген кездегі шарасыздық және көңіліңіздің қалуы сияқты сезімдерден аулақ боласыз. Автокөлікте өртті сөндірген кезде бір минутта кешікпеу керек, себебі автокөліктегі от тез арада ушығып таралып және өз жолында барлығын жойып, автокөліктің қираған қорабын ғана қалдырады.

Фото: Алматы облысы ТЖД баспасез қызметі.

Это может Вас заинтересовать