Войти через

  • 21°C

Четверг, 18 апреля

Панфилов ауданында суға ағып кеткендер іздестірілуде

TINFO
TINFO
Служба новостей

Аудан әкімдігі Талды округіне қарасты елдімекенде болған қайғылы жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Ақпарат Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды. Айта кетейік, осыған дейін Өсек өзенінің тасу салдарынан бірнеше адам суға ағып кеткен болатын.

«Қазіргі уақытта ауа температурасының жоғарлауына байланысты Өсек өзені тасуда. Талды окургіне қарасты елдімекенде болған қайғылы жағдай бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінен арнайы мамандары Өсек өзенінің бойынан суға кеткен азаматты іздестіруде. Өкінішке орай өзен 140 куб. м дейін қатты тасуы іздестіру жұмыстарына кедергі келтіруде», - делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Әкімшілік тарапынан да іздеу жұмыстарына қажетті техника ресурстармен көмек көрсетілуде. Осыған байланысты әкімдік азаматтарға шомылу кезінде абай болуды сұрайды.

Фото: Панфилов ауданының әкімдігі.

Это может Вас заинтересовать