Войти через

  • 20°C

Пятница, 19 апреля

Учаскелік инспектор екі баланың аман-есен табылуына көмектесті

TINFO
TINFO
Служба новостей
Талғар ауданы Жаңалық ауылының учаскелік инспекторы 10 және 6 жастағы екі қыздың аман-есен табылып, үйіне оралуына көмектесті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 20 наурыз күні Жаңалық ауылында орын алған. Үй ауласында ойнап жүрген апалы-сіңлілі екі қызды кешқұрым анасы таба алмаған. Полицияға хабар берген. Учаскелік инспектор полиция капитаны Нұржан Ошанов ауыл тұрғындары мен мектеп мұғалімдерін, полиция қызметкерлерін іздеудің ұтымды әдісімен ұйымдастырып, нәтижелі еңбек еткен. Қос бүлдіршін түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл сыртынан аман табылды.

«Талғар ауданының полицейлеріне, әсіресе, өзіміздің учаскелік инспекторға алғысымыз шексіз. Ол бір емес, екі қызымды тауып берді. Күннің суығына да, уақытқа да қарамай, бір адамдай жұмыла іздеген ауылдастарымызға, ауыл әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Кеше қатты қорқып кеттік. Бүгін қызымыз, міне, қасымызда отыр. Барлығына көп рахмет»,- дейді табылған қос қыздың әкесі Аймұрат Құдайбергенов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жаңалық ауылының екі бүлдіршіні белгісіз бағытқа кетіп, іздестіріліп жатқаны туралы хабар тараған.
Фото: Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать