Войти через

  • 14°C

Пятница, 29 марта

Алматы облысында тұңғыш рет арба бәйгесі ұйымдастырылды

Алматы облысында тұңғыш рет арба бәйгесі ұйымдастырылды

21.09.19

Спорт
TINFO
TINFO
Служба новостей

Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында  алғаш рет арба бәйгесі басталды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Байқау ҚР Тұңғыш Президентінің  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған. 15 күнге созылатын шараға Үндістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан сияқты халықаралық университеттің білімгерлері қатысып, екі дөңгелекті ат арбамен жарысқа түседі. Сондай-ақ, жарыс барысында командалар лагерлерді өз бетінше орнатып, онда нағыз көшпенділердің тұрмысын ұйымдастырады.

«Байқау мақсаты - Қазақстанда жастарға арналған жаңа ұлттық спорттық, туристік және мәдени хобби құру. Ұлы Жібек жолының керуен стиліндегі қазақтардың ежелгі көшпелі технологияларын пайдалана отырып, Алматы облысының табиғатына саяхат жасау. Сонымен қатар, қазіргі жастардың интеллектуалды, көшбасшылық және командалық қасиеттерін көрсету мен Жібек жолы елдерінің студенттері арасындағы мәдени алмасу», -деді Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы.

Айта кетейік, екі сайыс түрінен өтетін командалық жарыстың қорытындысы 25-ші қыркүйек күні анықталып, жеңімпаздар арнайы кубокқа ие болады.

Фото: Интернет.

Это может Вас заинтересовать