Войти через

  • 10°C

Четверг, 25 апреля

Мешітте жігіттер қол күрестіріп, гір көтерді

Мешітте жігіттер қол күрестіріп, гір көтерді

05.06.19

Спорт
TINFO
TINFO
Служба новостей

Үштөбе қаласындағы аудандық орталық мешітінде спорттық ойын түрлерінен жарыс өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі «Қаратал» газетіне сілтеме жасап.
Мешітте ауданның бас имамы Ерік Аманкелді уағыз айтып, кейін айт намазы оқылды. Одан соң мешіт алаңында арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес секілді спорттық ойын түрлерінен жарыстар өтті.

Нәтижесінде қол күресінен 1 орынды Сағи Нәрін жеңіп алды. Әділ Исмаилов 2 орынға қол жеткізсе, Жекен Нұрсила 3 орынға табан тіреді. Гір көтеруде қарсылас шақ келтірмеген Жұлдыз Мамыров бас жүлде иегері атанды. Малияр Әуелбеков - 1 орын, Ақжол Нұржыманов – 2 орын, ал Әділ Исмалов 3 орын алды. Арқан тартыста «Қаратал» командасы - 1 орын, «Народный» командасы – 2 орын, «Барыс» командасы 3 орын иеленді. Осылайша, айт мерекесі ауызбіршілікпен тойланып өтті.

Фото: «Қаратал» газеті.

Это может Вас заинтересовать